"80 жылдық тарихымызды ұрлады". Атырауда тұрғындар мектептің бұзылуына қарсы

Фархат ӘБІЛОВ

© Фархат АБИЛОВ

Атырауда 6 жылдан бері қаңырап тұрған Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектептің орнына жекеменшік оқу ордасының салынуына тұрғындар қарсылық білдіріп, мектепті қайтадан жөндеп беруді сұрады, деп жазады ЭК.

Жепргілікті билік бұл мектепті апатты деп танып, оқушыларды білім ошағына жіберген еді. Алайда балаларға жаңа мектеп тар болып, үш ауысыммен оқуға тура келген. Бұл жағдай әлі күнге дейін жалғасып келеді.

— Мектепті әдейі апатты деп танып, басқа біреулерге беріп жібергісі келеді. Өйткені мектеп 1936 жыл бұрын салынса да, сапалы салынған. Тек қана сылақтары түсіп, кейін техникалық сараптама жасап, апатты деп таныды да, мектепті жауып тастады. Бәрін әдейі қолдан жасап, оны жекеге өткізбекші. Осылайша балаларымыздың болашағын және 80 жылдық тарихымызды ұрламақ, — дейді жиналған топ.

Мектеп ғимаратының сүріліп, орнына жекеменшік 160 орындық білім ошағы салынатындығына тұрғындар қатты наразы. Олар бұл мәселені айтып Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хат жазған. Жұрт 600 орындық мектептің орнына 160 орындық мектеп салынатынын енді ғана білген.

— Сонда бұл жердің балалары өмір бойына басқа мектепте оқып шыға ма? 160 орындық элиталық мектепке баласын оқытуға әркімнің шамасы жете бермейді. Ата-аналар мен жергілікті тұрғындар бұл шешімге қарсы. Бұл мектептің жағдайы жақсы ғой. Тек қана терезелерін шағып кеткен. Оны ашса қазір балалар оқып жүрген үш ауысым мәселесі шешілер еді, — дейді белсенді Нұрлан Жунасов.

Ал Атырау қалалық әкімдігі орта мектептің орнына элиталы оқу ордасы болады деген ақпаратты жоққа шығарды.

— Мағжан Жұмабаев атындағы № 1 мектептің іргетасы 1935 жылы қаланған. "Техэксперт-Эко" компаниясының 2017 жылғы техникалық қорытындысына сәйкес, ескі ғимарат апаттық деп танылған. Ол енді қайтадан қалыпқа келтірілмейді. Бүгінгі таңда мектепке қатысты дайын жоба бар және қаржыландыру мәселесі шешімін тауып жатыр. Ол жалпыға ортақ білім беретін мекеме болады. Бұл мәселе бойынша барлық түсініктемелер осы күнге дейін есеп беру жиындарында, жеке мәселелер бойынша қабылдауларда және жазбаша сұраулар бойынша да берілді. Аталған мәселе төңірегінде Атырау қаласының әкімдігі қоғамның жекелеген өкілдерінің пікірін ескере отырып, нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, — деді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров