Елімізде вакцина жетіспей жатыр ма?

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Әлеуметтік желілерде жарияланған "вакцина салдыратын орындарда екпенің кейбір түрлері жетіспей жатыр" деген ақпаратты ресми органдар теріске шығарды, деп хабарлайды ЭК.

"Жетіспеушілік қай аймақта, қай емханада екенін мен айтып бере алмаймын. Біздің есебімізше, бәрі жеткілікті. Қосымша қаражат қарастырылып жатыр", — деп терістеме берді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Әсел Артақшинова.

"СК-Фармация" ЖШС өкілдері де министрліктің сөзін растап отыр.

"Вакцина жоқ, жетіспей жатыр деген ақпарат негізсіз. Күнделікті жеткізіп отырмыз", — деп жауап берді "СК-Фармация" ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смайлова.

Оның айтуынша, "СК-Фармация" ЖШС осы күнге дейін төрт түрлі вакцина сатып алған. Олар ДСМ, Санитарлық эпидемиологиялық комитеті жасаған график бойынша өңірлерге жеткізіліп отыр. Спутник V барлық өңірлерде бар. QazVac-та жеткілікті. Оның 2 миллионы сатып алынған. QazVac-тың 175 мың дозасы осы күнге дейін салынып келген. Бұдан бөлек, министрліктің тапсырмасымен Hayat-Vax 1 миллион дозасы сатып алынған. Тіпті, Қытайдан алған 500 мың доза CoronaVac та бар.

Мұның бәрі өңірлерге бөлініп жатыр. Тапсырыс түскеніне қарай жеткізіп отырамыз. Біз — тек қана сатып алушы, жеткізушіміз. Жергілікті денсаулық басқармалары бұл вакциналарды әрі қарай өздері үлестіреді,

деді Әйгерім Смайлова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров