Құтқарылған келіншек ауруханаға жеткізілді (видео)

Нұрболат АДЫРБЕК

ТЖД

Үлкен Алматы көлі маңынан табылған оңтүстік астана тұрғыны ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ЭК

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиға орнынан түсірілген видеоны таратты. Бұған дейін салалық ведомство бүгін сағат 10.56-да жоғалған келіншектің Үлкен Алматы көлі маңынан табылғанын хабарлаған еді. Оның денсаулығы ауыр халде болғандықтан ауруханаға шұғыл жеткізу үшін, "KazAviaSpas" МИ 703 тікұшағын аттандырғанын да мәлімдеді.

Еске сала кетейік, алматылық 41 жастағы әйелдің жоғалғаны туралы кеше кешкісін белгілі болды. Оның анасы қызының тауға жалғыз өзі, оған қоса ұялы байланыс телефонын үйде қалдырып кеткенін айтқан еді. Тауда дем алуға келген куәгерлер, оны соңғы рет 5 шілде күні ҮАӨ-нің аумағында көрген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров