Енді көлікті ХҚО-ларда сақтандыруға болады

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Еліміздің азаматтары енді көліктерін мамандандырылған ХҚКО-ларда сақтандыра алады, деп хабарлайды ЭК.

"Маусым айында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында көлік иелерін сақтандыру қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Көлікті қайта тіркеуді ресімдей отырып, клиент сол жерде сақтандыру полисін сатып ала алады. Енді басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұрудың немесе "делдалдардан" сақтандыру полисін рәсімдеудің қажеті жоқ", — дейді "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

Ол пилоттық жоба сәтті іске асырылатын болса, еліміздің басқа мамандандырылған ХҚО-ларында да сақтандыру қызметін енгіземіз деп отыр.

"Клиенттерге көлікті қайта тіркегеннен кейін ақпараттық жүйелері бір-бірімен ықпалдастырылған сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады. Қазір "Еуразия" сақтандыру компаниясымен келісім жүзеге асырылған. Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап 300-ден астам азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарты жасалды", — дейді Сүйеніш Әбділдин.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров