Таразда 4 млрд теңгеге салынуы тиіс таунхаустар жобасы тоқтап қалды

Ержан ШАЙЖАН

© ЭК

Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты Тараздағы коттедждер қалашығы құрылысын тоқтатты, деп хабарлайды ЭК.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 22 гектар жерге 255 баспана салынуы тиіс болған. Алайда 2 жыл бұрын құрылысы басталған коттедж қалашығы орта жолда тұралап қалды.

Қазір қалашықта тек 20 отбасы ғана тұрып жатыр. Әкімдіктегілер тағы 26 үйге 600 млн теңге бөліп, одан кейінгі құрылысты толық тоқтатпақ.

Айтуларынша жобаның тоқтауына құрылыс материалдарының қамбаттап кеткендігі себеп болған.

© ЭК© ЭК
© ЭК

"Мердігер компаниямен біз шаршы метріне 120 мың теңгеден келіскенбіз. Қазір олар бізден бағаны көтеруді талап етіп отыр. Өйткені құрылыс материалдарының бағасы шарықтап кетті. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бұл туралы айттық, бізге шаршы метріне 160 мың теңгеден бекітіп беріңіздер деп. Бірақ ол мәселе әзірге шешілген жоқ", — деді қала әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев.

Ал, жарым-жартылай салынған коттедждер қазір ұрылар торитын мекенге айналған. Кәріз қақпақтарын былай қойғанда, тонаушылар үйдің есік-терезесін бұзып, жылыту құрылғыларына да қол салыпты.

Аяқсыз қалған құрылыс қала тұрғындарының да шамына тиіп отыр.

Ал әкімдіктегілер болса, қалған жер телімдерін кезекте тұрған азаматтарға үлестіріп беретіндіктерін мәлімдеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров