Магистратура мен докторантура гранттарының саны белгілі болды

Нұрболат АДЫРБЕК

Pxhere

Елімізде алдағы жаңа оқу жылында магистратураға түсуге 13 мыңнан астам, ал докторантураға үміткерлер үшін 1800-ден астам грант бөлініп отыр, деп хабарлайды ЭК.

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, гранттар еліміздегі кадрлық сұраныстарға сәйкес бөлінеді. Мәселен, педагогикалық мамандық бойынша магистратураға түсуге 3642 орын, машина жасау, өңдеу және құрылыс индустриясына 3429 грант, математика және статистикаға 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға 1233, ауыл шаруашылығы және биологиялық ресурстарына қатысты мамандықтарға 527 грант бөлініп отыр.

Сондай-ақ, докторантураға бөлінген 1890 білім грантынан машина жасау, өңдеу және құрылыс салаларына 446, педагогика ғылымдарына — 370, жаратылыстану, математика және статистикаға 292, өнер-гуманитария ғылымдарына 205 орын қарастырылған

Биыл тұңғыш рет қабылдау емтихандары тестілеу орталықтарының базасында электронды форматта өтеді.

Айта кетейік, докторантура мен магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге талапкерлерді тіркеу 18 маусымда басталды. Ол 15 шілдеге дейін жалғасады. Емтихандар 20 шілдеде басталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров