Алматы облысында 29 жастағы әйел қайын апасын өлтіріп, үйін өртеп жіберген

Лаура БИҒАЛИ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Алматы облысында 29 жастағы әйел қайын апасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ЭК

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған.

"Келіншек өзінің қайын әпкесін өлтіріп, үйді өртегенін мойындады. Оның сөзінше, ол жасаған қылмысынан соң үйге жанармай құйып, өзін де, балаларды да өртеп жібермек болған", — деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір осы қылмысқа қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әйел қамауда отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров