Президент Сатыбалды Нарымбетовтің қазасына байланысты көңіл айтты

Лаура БИҒАЛИ

Сатыбалды Нарымбетов / © «Казахфильм»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті кинорежиссер, жазушы Сатыбалды Нарымбетовтің отбасы мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Сатыбалды Жәлелұлы қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар, суреткерлік шеберлігін ұдайы шыңдап отыратын дарынды режиссер еді. Қоғамдағы күрделі өзгерістерді, заманның жаңарған келбетін экран арқылы көрсете білді. Шығармашылық ізденістер нәтижесінде дүниеге келген әрбір туындысы сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағасын алды. Сондай-ақ, әр жылдары жарық көрген кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады. Отандық кино өнерін және рухани-мәдени саланы дамытуға мол үлес қосып, соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырған Сатыбалды Жәлелұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", — деп жазылған Президенттің жеделхатында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров