Алматы облысындағы саябақтар арасында лай көшкіні жүрді


ТЖД
Қарасай ауданы Қырғауылды жанындағы "Таулы саябақта" 7 шілде күні түнде, салмағы 50 мың текше метр лай көшкіні болды.
Абырой болғанда саябақ тұрғындары арасында зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ЭК.


Апатқа себеп, су құбыры жарылып, одан аққан су таудағы топырақты лайға айналдырған. Босаған жер салмақты көтере алмай лай көшкіні болды. Ол алты саяжайды шайып кеткен, оның үшеуі адам тұруға келмейтін күйдегі саябақ болып шықты.


Сел жүрген түні оқиға орнына келген республикалық жедел құтқару жасағының кинологтары ауыр топырақ арасын іздеуге кіріскен. Абзалы сол ол арадан адам шығыны болмады. Ал таң ата "ҚазСелденҚұтқару" мекемесінің мамандары лайдың өзін зерттеуге кіріскен. Құлаған үйіндінің биіктігі бір метрден жеті метр аралығында, ені 50 метр, ұзындығы 510 метрге жеткені анықталды.


"Қазір сел жүрген аймақта тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Саяжайда тұратын азаматтарды эвакуациялаған жоқпыз, оның қажеті болмады. Қауіпті аймақта ешкім тұрмайды, ал халық тұратын үйлер қауіпсіз жерде",-дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев.


Селдің салдарын жоюға төтенше жағдайлар қызметі мен аймақтағы полиция қызметкерлері тартылған.

