Автоматпен суретке түсу үшін әскери дайындық кабинетін бұзып кірген

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Оқиға Қостанай облысына қарысты Денисов атындағы ауданның мектебінде болған, деп хабарлайды ЭК.

Осы ауылдағы орта мектептің 18 жастағы түлегі Калашников автоматын ұстап тұрып суретке түскісі келген. Бірақ оған кім автомат ұстата қойсын. "Алғашқы әскери дайындық өтетін кабинетте автомат бар еді ғой" деп мектебін есіне алған жігіт алғашқы әскери дайындық кабинетінің есігін бұзып, АК-74 автоматын нұсқаулығымен бірге ұрлап әкеткен.

Бірақ жас жігіт бәрібір автомат ұстап тұрып суретке түсе алмаған. Себебі, жергілікті полиция оны тез тауып алыпты.

Тәртіп сақшылары автоматты мектепке табыстап, жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров