Екі күн бойы елордада өткен Сирия келіссөзінің 16-шы кездесуі аяқталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Халықаралық келіссөзге қатысушылар БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ЭК.

Шам елінде арақатынасы ушыққан билік пен оппозицияның мәселесі Астана форматында халықаралық деңгейде қарастырылды. Келіссөздерге кепіл болған мемлекеттер Сирия елінің тұтастығы үшін алаңдайтынын білдірді.

-Сирия Араб республикасының жарқын болашағы — біз үшін басты мәселе. Елдің егемендігін, жерінің тұтастығын сақтап қалу үшін бір келісімге келе алмау халықаралық және гуманитарлық құқыққа нұқсан келтіреді. Сондықтан Сирия халықаралық ұйымдармен бірігеді, -деді Сирия Араб республикасының сыртқы істер министрі Айман Сусан.

Сондай-ақ ол террористерден сириялық азаматтарды азат ететіндеріне сендірді.

Ал Сирияның қарулы оппозициясының басшысы Ахмад Алтома Сочиде өткен кездесуден кейін 5 ай ішінде Сирия халқының әлі де ауыр жағдайда отырғанын мәлімдеді. Әсіресе елдегі диктаторлық режим кесірінен адамдардың зардап шеккенін айтты.

— Мемлекетті басқару режимін демокартиялық-азаматтық жүйеге өзгерткіміз келеді. Алайда Сирия үкіметі БҰҰ-мен бірлесіп қол қойған құжаттарды қабылдамады, — деді ол.

2 күнге созылған келіссөзде кепілгер мемлекеттер гуманитарлық көмек туралы тиімді шешім шығарды. Сондай-ақ Сирияның әр қиырында лаңкестік әрекеттердің артуына, оның салдарынан бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың көбеюіне алаңдаушылық танытып, террорлық әрекеті бар ұйымдарды толықтай жою бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров