Айжан Есмағамбетова ПТР сынамасын тегін тапсыруға қатысты сауалға жауап берді

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова ПТР сынамаларын кімдер тегін тапсыра алатынын айтты, деп хабарлайды ЭК.

"Қаулы бойынша ПТР-тестілеу тегін өткізілетін адамдардың 12 санат бекітілген. Бұл клиникалық белгілері бар, науқаспен баланыста болған, жүкті адамдар. Басқаларға тегін тест қарастырылмаған. Тұрғындардың вакцина салдыруды немесе ПТР-сынама тапсыруды таңдауға құқығы бар. Вакцинациялау тегін болғанымен, ПТР тапсыру мемлекет бюджетінен қаржыландырылмайды", — дейіді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, вакцинациялаудың көп жылдан бері қалыптасқан тәжірибесі инфекциялық аурулармен күресте вакциналаудан артық қоғамдық денсаулық сақтау саласында тиімді құрал жоқ.

"Жұқпалы аурулармен күресте бірде-бір тәсіл вакцинация сияқты нәтиже бермейтінің тәжірибе көрсеткен. Бұл біздің негізгі қаруымыз және ауру жұқтыру, ауруханаға түсу және өлім қаупін болдырмауға бағытталған. Конституция аясында вакцинация ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген жүйесіне кіреді", — дейді бас санитар дәрігер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров