Петропавлда зейнеткер мен оның қызы өртеніп кетті

Нұрболат АДЫРБЕК

iStock

Петропавлда жер үйде өрт шығып, 77 жастағы қария мен оның 36 жастағы қызы көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Оқиға қаладағы Фурманов көшесінде орналасқан 73-ші үйде болған.

Қалалық ТЖБ басшысының міндетін уақытша атқарушы Әзімхан Мерғасымовтың мәлімдеуінше, өрт болған кезде үйде марқұмдардан бөлек екі жасөспірім болған. Олар құтқарушылар келгенге дейін үйден өз беттерінше шығып үлгерген.

Артынан белгілі болғандай, қаза болған зейнеткер өздігінен қозғала алмайтын бірінші топтағы мүгедек екені анықталды. Ол, төсегінде отырып, тартқан темекіден матрас өртенген.

"Болжам бойынша, таңғы сағат алтыда үй иелері жанған матрас пен көрпені өздері сөндірген. Төсек-орынды түгелдей сөндірдік деп ойлап, оны үйдің кіреберісіне кіргізіп қойған. Өрт сол жерден шықты деп болжап отырмыз. Айтпақшы, алты жыл бұрын дәл осы үйдің шатыры өртенген болатын", — дейді Мерғасымов.

Өртенген үй екі пәтерлі. Тілсіз жаудан көрші пәтердің шатыры, кіреберісі мен қора-жайлары жанып кеткен. Бұл пәтерде тұратындардан ешкім зардап шекпеген. Бірақ баспанасы тұрғуа жарамсыз боп қалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров