Жыл басынан бері 277 438 үйді сатып алу келісімі жасалған

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Әлеуметтік желіден

Маусым айында тұрғын үйді сатып алу-сатудың ресми тіркелген мәмілелерінің саны 54047 болды, деп хабарлайды ЭК.

Ал жыл басынан бері 277 438 келісім жасалған. Бұл мәліметті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жария етті.

Өткен айдағы көрсеткішпен салыстырғанда мәмілелер 11,8 пайызға артып отыр. 2021 жылғы қаңтар және маусым айларында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,3 есеге артқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров