Сирия келіссөзіне қатысушылар осы күзде елордада тағы бас қосады

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Гулжан АБАЙҚЫЗЫ

Астана процесінің кепіл мемлекеттері Сирия халқының қауіпсіздігін сақтау үшін нақты шара қабылдауға келісті деп, хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Астана форматындағы Сирия бойынша халықаралық кездесуді қорытындылай келе, Ресей, Иордания, Ливан және Иран елдері бірлесе жасаған мәлімдемеде айтылды.

РФ президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Астана форматының бақылаушы елдері Иордания, Ирак және Ливан делегацияларының қатысуын оң бағалап, олардың Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға үлес қосқанын атап өтті.

— Біз Сирия үкіметін де, сол елдің қарулы оппозициясын да тыңдадық. Екі тарапты да Шам еліндегі шиеленіскен күрделі жағдай алаңдатады. Осы ретте бос­қын­дар­дың Отанына оралуы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, бар жағдайды жасауды қолдаймыз . Сириядағы ауқымды атыстарды тоқтатып, террористік топтың көзін жою бірінші мәселе болып қалады , — деді Лаврентьев.

Тараптар Қазақстанның билік өкілдеріне келіссөздің кезекті раундын өткізгені үшін ризашылығын білдірді.

Кезекті кездесу аяқталды. Ал келіс­сөздердің келесі раунды 2021 жыл­дың күзінде елордада өткізілсін деген шешім қабылданды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров