Тәліптер Тәжікстан шекарасына туын тікті

Болат МӘЖИТ

©Reuters/Mohammad ISMAIL

"Талибан" қозғалысының қарулы жасақтары тәжік-ауған шекарасына туын тікті, деп хабарлайды ЭК "Риа Новостиге" сілтеме жасап.

Тәліптер 5 шілде күні Пяндж өзеніндегі Ауғанстан үкіметі әскерінің шекара бекетін басып алған болатын. Бүгін сол жерге, яғни, Тәжікстанның "Тем" бақылау-өткізу бекетіне туын қадады.

5 шілдеге қараған түні ауғандық шекара бекеті тәліптерге соғыссыз берілді. 312 ауғандық шекарашы көршілес Тәжікстанға өтті. Қазіргі таңда Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының қарулы жасақтары мен үкіметтік әскер арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Көптеген қалалар мен елді мекендер тәліптердің қолына өттіі.

Тәжік үкіметі шекарада қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты одақтастарынан көмек сұрап отыр.

"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров