Алматы облысында олимпиадалық бассейн ашылды

Болат МӘЖИТ

© Болат МӘЖИТ

Талдықорғанда халықаралық стандартқа сай жүзу бассейні ашылды, деп хабарлайды ЭК.

Құны 11,4 млрд теңге болатын бассейн мемлекеттік-жекеменшік серіктес негізінде салынды. Құрылыс жұмыстарын "Bazis — А" компаниясы жүргізген.

Мұнда 3 бассейн орналасқан. Ең үлкенінің ұзындығы — 52 м, ені — 25 м. Биіктігі 10 м болатын тармплин де бар. 570 орынға арналған бассейн халықаралық жарыстарды өткізуге толықтай әзір. Енді жетісулық спортшылар су добы, синхронды жүзу, трамплиннен секіру, аквааэробика сияқты әлемдік додаларға қатысу үшін осында емін-еркін жаттығатын болады. Алдағы уақытта триатлон, байдарка мен каноэ есу секцияларын ашу жоспарланып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров