Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтеді

Болат МӘЖИТ

Токио тұрғындары Олимпиада ойындарын тамашалай алмайды, деп хабарлайды ЭК.

Жапонияның Kyodo ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, мұндай шешімді Жапония астанасында өтетін олимпиадалық және паралимпиадалық ойындардың өтуіне жауапты министр Тамае Марукава растап отыр.

Олимпиада жарыстарына Токио, Канагава, Сайтама және Тиба тұрғындары қатыспайды. COVID-19 инфекциясының өршуіне байланысты бұл аймақтарда 12 шілде мен 22 тамыз аралығында карантин шаралары күшейтіледі. Ал елдің орталығындағы Сидзуока, шығыстағы Ибараки, солтүстік-шығыстағы Фукусима мен Мияги халқына мұндай шектеу қойылмайды.

Естеріңізге сала кетсек, Токиода өтетін Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін болып белгіленді. Әлемдік додаға шетелдік жанкүйерлер қатыстырылмайды. Ал олимпиадалық ойындарды тамашалайтын жапондық көрермендер саны 10 мыңнан аспауы керек деген шешім шығарылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров