Шымбұлақта жүк көлігі өртеніп кетті

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Куәгер фотосы

Шымбұлақ пен Медеудің арасындағы тау жолында ылдиға қарай түсіп келе жатқан Ford Transit жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ЭК.

Куәгердің айтуынша, жүк көлігі Шымбұлақ төңірегіндегі үйлерден шыққан құрылыс қалдықтарын тиеп келе жатқан көрінеді. Кенет жалын бұрқ етіп, көлік небәрі үш-төрт минутта түгелдей жанып кеткен. Тек қаңқасы ғана қалған.

Куәгер фотосыКуәгер фотосы
Куәгер фотосы

Медеу аудандық өрт сөндірушілер сағат 18.39-да шығып, оқиға орнына сағат 18.54-те жеткен. Сағат 19:00-де өрт толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров