Вакцина салдырып, миллионер атанды

Болат МӘЖИТ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

АҚШ-тың Колорадо штатында тұратын көп балалы ана Хейди Рассел COVID-19-қарсы вакцина салдырып, миллион доллар ұтып алды, деп хабарлайды ЭК.

Штат губернаторы Джарет Полис мамыр айында екпе алатындарды ынталандыру үшін лоторея ойнатылатыны туралы шешім қабылдаған. Ұтыс ақшасы федералды қаражаттан бөлінген.

"Бұл ұтыс 4 баламды өсіруге үлкен көмек болды. Мен осы қаражатпен басқаларға да қол ұшын бере аламын", — дейді жеңімпаз Хейди Рассел BS телеарнасына берген сұхбатында.

Бұдан артық сәттілік бола ма?! Біріншіден, ол вакцина қабылдап, коронавирустан қорғанатын болды. Екіншіден, миллионер атанып отбасылық мәселені қиналмай шешуге мүмкіндік тапты. Расселдің қыздары колледждің оқу ақысын енді қуана-қуана төлейді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров