Алматыға жақын жерде жер сілкінді

Фархат ӘБІЛОВ

Алматыдан 374 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп жазады ЭК.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 8 шілде күні 19 сағат 05 минут 50 секундта жер сілкінісін тіркеген.

— Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 374 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты — 11,6. MPV магнитудасы — 5,5 болса, тереңдігі — 10 шақырым, — деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар Департаменті.

Төніп тұрған қауіп жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров