Президентке қастандық жасаған төрт адам атылып, екі адам қамауға алынды

Болат МӘЖИТ

Trend

Гаити президенті Жовенел Моиздың өліміне қатысы бар 4 адам атылып, 2 адам қамауға алынды, деп хабарлайды ЭК.

Euronews-тың мәліметінше, бұдан бұрын премьер-министрдің міндетін атқарушы Клод Жозеф қастандық жасағандардың шетелдіктер екенін, олардың ағылшын және испан тілінде сөйлегендерін айтқан болатын.

Қазір елдегі қауіпсіздікті Гаити ұлттық полициясы мен мемлекеттің қарулы күштері бақылап отыр. Клод Жозеф халықты сабыр сақтауға шақырды.

"Осынау қиын жағдайдан шығу үшін бүкіл ел болып бірігетін уақыт жетті", — дейді Клод Жозеф

Естеріңізге сала кетсек, 7 шілдеде бір топ бетперделі адам Гаити Президентінің резиденциясына қарулы шабуыл жасаған. 53 жастағы Моиз сол жерде көз жұмған. Оның әйелі Мартин Моиз да жарақаттанған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалайды. Гаитидің Вашингтондағы елшісі Бокчит Эдмондтың айтуынша, Мартин Моиз емдеу үшін АҚШ-қа жеткізілген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров