Зейнеткерді тонап кеткен ер адам ұсталды

Болат МӘЖИТ

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оралда банкоматтың алдында зейнеткердің ақшасын күштеп алып кеткен ер адам қолға түсті, деп хабарлайды ЭК.

БҚО полиция департаментінің мәлімдеуінше, қаскөй банкоматтан ақша алып жатқан қарт адамға күш қолданып, 120 мың теңгесін қолынан жұлып алып қашып кеткен. Зардап шегуші дереу полицияға қоңырау шалады. Көп уақыт өтпей қылмыскер құрықталады.

"Жедел басқару пультіне 68 жастағы ер адам хабарласып, өзін Құрманғазы көшесіндегі банкоматтың алдында белгісіз біреу тонап кеткенін айтты. Дереу іздестіру шаралары басталды. Қылмыскердің әрекеті сырттағы бейнекамераға түсіп қалған. Бірнеше минуттан кейін 36 жастағы Орал тұрғыны қолға түсті" делінген БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Күдікті кінәсін толық мойындады. Аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров