Швецияда ұшақ апатқа ұшырады


©EPA/Jeppe GUSTAFSSON
Эребру қаласының маңында ұшақ құлап, борттағы 9 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды ЭК.
Қайғыла оқиға туралы "San" британ газетінде жарияланды. Әуе апаты ұшу-қону жолағынан көтеріле бергенде болған. Құтқару қызметінің өкілі Эмиль Густавссонның айтуынша, шағын ұшақ парашютпен секірушілерге қызмет көрсеткен. Ол аэропорттың іргесіне құлап, отқа оранған.
Ұшақ апатының себебі әлі анықталмады. Швецияның премьер-министрі Стефан Леван мерт болғандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты.