COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 448 000 ЖАЗЫЛҒАНДАР 408 063 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4576


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 909 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлады жұма күні covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 2 мың 800 covid-19 оқиғасы расталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 448 мың covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 796,
Алматы қаласында — 420,
Шымкент қаласында — 210,
Ақмола облысында — 119,
Ақтөбе облысында — 77,
Алматы облысында — 89,
Атырау облысында — 154,
Шығыс Қазақстан облысында — 78,
Жамбыл облысында — 38,
Батыс Қазақстан облысында — 191,
Қарағанды облысында — 321,
Қостанай облысында — 54,
Қызылорда облысында — 46,
Маңғыстау облысында — 111,
Павлодар облысында — 123,
Солтүстік Қазақстан облысында — 38,
Түркістан облысында — 44.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 408 мың 063 адам емделді, оның ішінде 1 мың 781 адам соңғы тәулікте.
9 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 36 мың 723 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 35 мың 361 оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 362 теріс (КВИ-), стационарларда 11 мың 534 пациент, амбулаториялық емдеуде — 25 мың 189 адам.
"КВИ+ және КВИ -науқастарының ішінен 735 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 169, ӨЖЖ аппаратында — 93", — делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.