Қостанайда орман өртеніп жатыр

Абылай МАУДАНОВ

Бейнеден кадр

Аптап ыстық, епкінді жел қызыл жалынды одан әрі өршіте түсті, деп хабарлайды ЭК.

Қостанай ауданы, "Пригородное" орман шаруашылығында кеше тұтанған өрт бой берер емес.

Өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Тілсіз жауды өшіруге барлық құрылымдарды қоса есептегенде 35 техника, 280 адам жұмылдырылған.

Қазіргі таңда қызыл жалын бет қаратпай, жайпап барады. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өрттің барысын тікұшақтан бақылап отырмыз,

дейді Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров