Олимпиада алауы Токиоға әкелінді

Нұрболат АДЫРБЕК

©AFP/Charly TRINALLEAU

Төрт жылдықтың басты додаларының бірі жазғы Олимпиада алауы Жапония астанасы Токиоға жеткізілді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы "Риа новости" ақпарат порталы жазды. 23-шілдеде басталатын олимпиаданың алауын тұтату рәсімі қалыптасқан дәстүр бойынша осыған дейін елдің 46 префектурасында өтіп үлгерді.

Салтанатты рәсім алдында Олимпиаданың өтуіне наразылық білдірушілер стадионның жанына жиналып, қарсы ұрандар айтты. Олар, тіпті губернатор сөз сөйлеген кезде де басылмады.

Кезекті жазғы "Токио 2020" додасы шілде айының 23-і мен тамыздың 8-і аралығында өтеді деп жоспарланғанын айта кетейік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров