Елімізде үнді штаммы ғана емес, есірткісі де бар екен

Лаура БИҒАЛИ

Pixabay

Тараз қаласының 55 жастағы тұрғыны үнді есірткісімен ұсталды, деп хабарлады ЭК.

Ер адам үйінің бақшасына "үнді" қарасора тұқымына жататын есірткі өсімдігінің 104 бұтағын жайқалтып өсірген.

Polisia.kz порталының жазуынша, ер адам өз кінәсін мойындады. Қазір осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров