Елімізде COVID-19-ға қарсы дәрі-дәрмек қобдишалары тегін таратылады

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

gov.kz

Медициналық дәрі-дәрмектердің 145 мың жиынтығы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға беріледі, деп хабарлайды ЭК.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған акция басталды. Оларға 145 мың жиынтық тегін таратылады. Қобдишадағы дәрі-дәрмектің құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі нақтылады.

Бұл шара АӘК алатын отбасылардың материалдық жағдайын ескере отырып, қолға алынған.

"Халықтың ең осал тобына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды әрі қажетті жоба. Біз бұл дәрі-дәрмек қобдишаларын азаматтарымыз үшін COVID-19 ауруының алдын алуда көмек болады деп үміттенеміз", — деп атап өтті ведомоствоның Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина.

АӘК алушыларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасы халықаралық қаржы мекемесі мен Жапония Үкіметінің қаржылық қолдауымен іске асты. Сондай-ақ сатып алу операторы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесі екенін айта кету керек.

Әлемдегі бірде-бір ұйым және бірде-бір ел пандемияны жалғыз жеңе алмайтыны анық. БҰҰ және даму жөніндегі басқа да серіктестермен тығыз ынтымақтаса отырып, Қазақстан Үкіметіне пандемияға қарсы күресте қолдау көрсетуді жалғастырып келеді,

деді халықаралық қаржы мекемесінің өкілі.

Ол осылайша еліміздегі вирустың таралуын тежеуге және пандемияны жеңуге көмектесетініне сендірді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров