Асылып қалған полицейдің туыстары Тоқаевқа жүгінді (видео)

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ақсуда асылып қалған 40 жастағы полицейдің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан тергеуді жеке бақылауына алуды өтінді, деп хабарлайды ЭК.

Ақсу полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, майор Аспандияр Айтқазин 5 маусымда өзіне-өзі қол салған. Туыстарының сөзіне қарағанда, бұл жағдайға жеткізген ­- басшылары.

Жыл басынан бері менің күйеуіме бастықтары үнемі қысым көрсетіп, жеке басын қорлап келді,

дейді марқұмның зайыбы Мейрамгүл Айтқазина.

Туыстарының айтуынша, марқұм өлерінің алдында телефонына бейнежазба түсіріп, кінәлілерді атап көрсеткен. Онда Павлодар облыстық Полиция департаменті, Криминалды полиция басқармасының бастығы Қапаров Балғабайдың аты-жөні айтылған.

Туыстары "маңызды айғақ ретінде бұл видеоны өшіріп тастайды" деп қауіптеніп отыр. Сондықтан "кінәлі адам жазаға тартылмай қалады" деген күдіктерін айтыр мемлекет басшысына жүгінуді жөн санады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров