Ғалымдар "Жерде" аптап ыстық болатынын ескертті


Pixabay
"Жер"ғаламшарында бұрын-соңды болмаған ыстық болады, деп хабарлайды ЭК.
SKY news телеарнасының мәлімдеуінше, мамандар жақында Канаданың Литтон ауылында болған 49,6 градус ыстықтан орман өрті болып, АҚШ пен Канадада жүздеген адамның өліміне әкеліп соғатынын айтады.


Ғалымдар мұны ғаламдық жылынудың әсерінен деп болжап отыр. Ауа температурасының қатты ысып кетуін де осымен байланыстырады. Статистикалық талдауларға сүйенген мамандар мұндай аптап ыстық, мың жылда бір рет болатынын айтқан.


Негізінде мұндай күннің ысуы, нағыз "ғаламдық жылыну" кезінде болатын құбылыс еді. Бірақ біз қазірдің өзінде тым жоғарғы температураны байқап отырмыз,
Ал Нидерланды метереологиялық институтының маманы Сьюкье Филипптің болжауынша, мынадай ыстық енді жиі болады.
Егер ғаламшардағы температура 2040 жылға қарай орташа есеппен екі градусқа көтерелі берсе, онда Литтондағыдай жағдайлар 5-10 жыл сайын қайталанады,


Бұрын Мельбурндегі Монаша мен Қытайдағы Шандунь университетінің ғалымдары жыл сайын "әлемдік жылынудың" салдарынан миллиондаған адам қайтыс болатынын айтқан еді. Олар барлық континенттегі 43 елге талдау жасап, адамдардың суықтан өлуі 0,5 пайызға аазайып, ал ыстықтан өлуі 0,2 пайызға артқанын байқаған. Еуропада халық ыстықты көтере алмай, ал Африка елдерінде суықтан қайтыс болатынын дәлелдеген.