Алматыда банк қызметкері оныншы қабаттан секіріп қайтыс болды

Нұрболат АДЫРБЕК

Алматыдағы "Отбасы банктің" бас кеңсесінде қызметкері ғимараттың оныншы қабатынан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Ақпаратты банктің баспасөз қызметі растады.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Өлер алдында келіншек: "Мен бәріңізді жақсы көремін" — деген хат қалдырған. Марқұм 38 жаста болған.

Полиция алғашында бұл оқиғаны жазатайым оқиға ретінде қарастырған. Кейінірек, марқұмның қоштасу хаты табылған соң, ҚР ҚК-нің 105-бабы, яғни, "суицидке бару" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Банк өкілінің айтуынша, қалған толық ақпарат тергеу шаралары аяқталған соң жарияланады..

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров