Семей аумағында шенеуніктер бірегей қарағайлы орманды жойып жіберген

Экспресс К

©ЭК/Эльдар НУРУЛЛИН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов "Семей Орманы" мемлекеттік табиғи орман қорығының директоры не үшін ұсталғанын айтып берді, деп хабарлайды ЭК.

Агенттік осы қорықтың лауазымды тұлғалары ұсталды деген ақпаратты маусым айының басында таратқан еді. Ал бүгін бірінші жарты жылдықтағы жұмысты қорытындылау үшін өтіп жатқан агенттіктің жиынында қорық директоры екі орынбасарымен бірге қылмыстық топ құрғаны белгілі болды.

Олар орманның ішінде санитарлық тазалауға рұқсат беру үшін кәсіпкерлерден пара алған. Алайда, санитарлық тазалық жасаймыз деген өтірік желеумен бірегей қарағайларды кесіп отырған,

деп хабарлады Ахметжанов.

©ЭК/Эльдар НУРУЛЛИН©ЭК/Эльдар НУРУЛЛИН
©ЭК/Эльдар НУРУЛЛИН

Қазір үш шенеунік те қамауда, тергеу жүріп жатыр. ЭК бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында орман қорына 2,6 млрд теңге залал тигенін жазған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров