Қостанай облысында қолөнерші өз қаражатына Міржақып Дулатовтың бюстін орнатты

Абылай МАУДАНОВ

© Абылай МАУДАНОВ

Жангелдин ауданы, Қызбел ауылында Алаш қайраткерлерінің бірі Міржақып Дулатовтың бюсті бой көтерді, деп хабарлайды, ЭК.

Мүсін елдімекендегі М.Дулатов атындағы орта мектептің алдына қойылған. Авторы Қызбелдің тумасы, белгілі қолөнерші Мұхамедқали Рахалиев. Шебердің айтуынша тұғырының биіктігі 2,2 метр, ал бюстің өзі 1,7 метр.

Мен Міржақып бабамыздың бейнесін бұған дейін де қашағанмын. Онда көпшілік біле бермейтін суретін негізге алып едім. Ойласа келе, халықтың жүрегіне жақын, тақия киіп тұрған келбетін қайта жасадым,

дейді мүсінші.

Ескерткіш бетоннан, қолөнершінің жеке шеберханасында құйылған. Қажетті материалдарды ол өз қаржысына сатып алып, үш ай уақыт ішінде жасап шыққан. Екі жыл бұрын дайын болған туынды карантин жағдайына байланысты шегеріліп, тастұғырға енді қонып отыр.

Бұл менің туған жерге тартуым. Дулатовтың ұлт үшін істеген еңбегі ұшан-теңіз. Міржақыптай елін сүйетін ұрпақ өссе деймін,

дейді мүсінші.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров