Қылмыстық кодексті бірден қолданған дұрыс емес – Исекешов

Бек ТӨЛЕУОВ

Әсет Исекешев

ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев мемлекеттік қызметкердің әрбір шешіміне бірден қылмыстық кодексті қолдану теріс екенін айтты, деп хабарлайды ЭК.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2021 жылдың алты айында атқарған жұмысын қорытындылаған еді. Отырыста сөз алған Әсет Исекешов агенттік жұмысында белгілі бір нәтиже бар болғанымен, әлі де сыбайлас жемқорлық саны азаймай отырғанын айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы мүдделі мемлекеттік органдарға осы проблеманы шешетін жүйелі тетіктерді пысықтауды тапсырған болатын. Бұл жерде халыққа, парақор, жемқорлар лайықты жазасын алатанын, онымен күрес қатаң әрі ымырасыз, жүйелі жүру керек екенін айту қажет. Бұл "індетпен" күрес қатаң әрі жүйелі жүзеге асырылады. Бірақ мемлекеттік қызметкердің әрбір шешіміне қылмыстық кодексті қолдану теріс", — дейді Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Оның айтуынша, осы ретте прокурорлық сүзгінің әлеуетін пайдала отырып, қылмыстық процестің 3 буынды моделін енгізуге басымдық берілуі керек.

Агенттік те осы модельді белсенді қолданады деп үміттенеміз. Бұл қылмыстық үрдістегі заңнамалықты арттырады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров