eGOV кибершабуылға ұшырады


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Электронды үкімет порталында "Razy отбасына" жататын вирус табылды, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы "Зерде" Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Razy - қолданушыларға залал келтіру үшін кеңсе құжаттары (word, excel және Adobe PDF) секілді кейіп танытатын троялық-жүктеуші. Хакерлер оны әдейі ресми сайттарға жібереді екен. Ондағы мақсаты — құрбандарының сеніміне ие болу.
Абырой болғанда, T&T Security мен "Зерде" Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі" tLab жүйесін қолдана отырып, зиянкес контентті бұғаттап үлгерді.