"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жолындағы тоннель жақын арада пайдалануға беріледі

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

МИИР РК

Жер асты жолының жалпы ұзындығы - 800 метр, деп хабарлайды ЭК.

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізін жаңарту жобасы бойынша Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба ауылында тоннель құрылысы жүріп жатыр.

Бұл "Қорғас — Алматы — Тараз — Шымкент — Ташкент" жолының 593 — 632 шақырымында орналасқан.

МИИР РКМИИР РК
МИИР РК

Алдымен тоннельдің сол жағындағы бөлігі ел игілігіне берілмек. Қазіргі кезде мұнда тауды тесу жұмыстары аяқталған. Бетон жұмыстары да жуық арада бітеді.

Мұнан соң жолға асфальт төселеді. Ол аяқталысымен тоннельдің сол жағы ашылады.

МИИР РКМИИР РК
МИИР РК

Жуырда Дүниежүзілік Банктің, Автомобиль жолдары Комитетінің, "Евраскон" ААҚ мердігерлік ұйымының, "Temelsu consult" техникалық қадағалау қызметінің қатысуымен Түлкібас ауданында тоннелінің құрылысы жобасын іске асыру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.

Онда әлеуметтік-экологиялық сипаттағы мәселелер қаралды. Бұдан бөлек, комиссия тоннель құрылысы жұмыстарының барысын тексерді.

МИИР РКМИИР РК
МИИР РК

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров