Банкке 20 млн алып келген қарағандылықты тонап кетті (видео)

Нұрболат АДЫРБЕК

Бейнеден кадр

Қарағанды қаласында орналасқан банктердің бірінің ауласында 59 жасар тұрғынды белгісіз екі жігіт тонап кеткен, деп хабарлайды ЭК.

Polisia.kz. порталының жазуынша, оқиға кешкісін сағат 20:00 шамасында болған. Жәбірленуші Қарағанды қаласының тұрғыны. Ол, қаладағы азық-түлік тауарларын сататын сауда кәсіпорнында менеджер болып жұмыс істейді.

Сол күні ол жұмыс орнына тиесілі 20 миллион теңгені бас кеңсеге аудару үшін банкке барған. Қаржы мекемесіне кіре берістегі тұрақта көліктен түспек болған оны екі жігіт жүгіріп келіп, тонауға әрекет жасаған.

Олар, оның қолындағы қомақты ақша салынған пакетті жұлып алмақ болады. Алайда, жәбірленуші барынша қарсылық көрсетіп баққан. Нәтижесінде ақша салынған пакет жыртылып, жерге түскен 500 мың теңгені қылмыскерлер алып қашып кетіп кеткен. Бірақ, оқиға сол жердегі бейне бақылау камерасына түсіп қалған.

Қарағанды қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына қаладағы банктердің бірінің алдындағы тұрақта екі белгісіз адам күш қолдану арқылы тұрғынның 500 мың теңгесін алып кеткені туралы хабарлама оқиға орын алған соң үш сағаттан соң барып түскен.

"Ер адам полицияға оқиғадан үш сағат өткен соң ғана жүгінді. Оның айтуынша, ол алдымен қалған ақшаны бас кеңсеге жіберуді көздеген. Осы уақыт ішінде күдіктілер қаладан кетіп үлгерді. Біз оларды Шығыс Қазақстан облысының аумағында анықтадық. Екі облыстың полицейлері бірлесіп, үш күдіктіні ұстадық", — деді Қарағанды қаласы полиция бөлімінің өкілі Ескендір Əубəкіров.

Ұсталғандар Қарағанды қаласының 22 және 28 жастағы екі тұрғыны болып шықты.

Оларға қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Қазір іс бойынша, ҚК-тің "Қарақшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров