Атыраудағы өрт: Туыстары газ компаниясын кінәлайды

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық ТЖД

Атырауда үйден шыққан өрттен қаза болған әйел мен баласының өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Естеріңізге сала кетсек, Атырау қаласы маңындағы Тасқала ауылында жеке үйден өрт шығып, анасы мен 12 жастағы ұлы қайтыс болған еді.

— Бұл үйге жаңадан көшіп келді. Қоныс тойын жақында ғана тойлады. Өрттің шығу себебі — жер астына төселген газ құбыры зақымданып, бұл ақау өртке себеп болған. Газ шайынды суларды құятын құдықтағы кәріз құбырлары арқылы үйге кірген. Бұл газ компаниясының салғырттығы,- дейді қайғыдан қан жұтып отырған Есқайыровтар отбасы.

Атырау облыстық ТЖДАтырау облыстық ТЖД
Атырау облыстық ТЖД

Қайғылы оқиғадан кейін туыстары арнайы газ анализатор қолданып, үйдегі газды өлшеген — үйден газ иісі әлі де шығып тұр.

ЭК тілшісі пікір алу үшін Атырау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына хабарласып еді, ондағылар тергеу жүріп жатыр деп, пікір білдірді. Ал "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Атырау облысы бойынша филиалы өздерінің болжамдарын айтты.

Атырау облыстық ТЖДАтырау облыстық ТЖД
Атырау облыстық ТЖД

— Бұл отбасы 2012 жылы газ қондыру үшін арнайы рұқсат пен есептегіш құрал алған. Барлық құжаттары дұрыс болып, арнайы ережелерге сәйкес келгендіктен, рұқсаттарын алды. Одан кейін ешқандай мәселе болған емес. Қайғылы оқиға болмас бұрын бұл отбасы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жылыту қазандықтарын біздің компанияға ескертпестен ауыстырған. Заңға сәйкес бізден арнайы рұқсат алуы керек еді. Алайда өздері біздің қызметкерлерді шақырмастан барлығын ауыстырып тастаған. Біздің болжам бойынша осы өзгерістің салдарынан қайғылы жағдай орын алып отыр. Қазір сараптама жүріп жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болғаннан соң ғана нақты себебін айтатын боламыз, — деді "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Қаза тапқан анасы мен ұлы жер қойнауына тапсырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров