Ақтөбеде жаңбырдан кейінгі дауылдан ағаштар құлап, электр желілері істен шықты

Кәмшат ҚОПАЕВА

Ақтөбеде соңғы екі тәулікте үш айдың мөлшерінен артық жаңбыр жауған, деп хабарлайды ЭК.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, шілде айында жауын-шашын мөлшері 29 миллиметр болуы керек. Ал Ақтөбеде соңғы екі тәулікте бұл көрсеткіш — 100,1 миллиметр, яғни үш айлық нормадан артық жауған

Қалада жауыннан кейінгі қатты желден 11,12 және "Шанхай", "Заречный" шағын аудандарында электр желілері істен шықты. Қаланың орталық көшелері мен бірқатар аудандарында ағаштар құлады. Қала әкімі аппараты төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, тиісті мекемелер күні-түні жұмыс жүргізіп жатыр. Бригадалар электр желілерін қайта қалпына келтіріп, үйлердің аулаларын құлаған ағаштардан тазартуда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров