Жемқорлар енді ақшаны шетелде жасыра алмайтын болды

Бек ТӨЛЕУОВ

Марат Ахметжанов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов шетелге ақша жасыратын жемқорлардың жолын кесудің амалын тапқанын айтты, деп хабарлайды ЭК.

Агенттік басшысы Мәжіліске негізсіз баю үшін жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасын ұсындық деп отыр.

"Бұл биылдан бастап іске қосылған жалпыға бірдей декларациялау тетігінің логикалық жалғасы болып табылады. Біз шығыстары заңды кірістерінен едәуір асатын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуді ұсындық. Бұл жағдайда шенеунікке айыппұл салу немесе жұмыстан босату қаупі бар", — дейді Марат Ахметжанов.

"Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының салық ақпаратын автоматты түрде алуға болатын дүниежүзілік жүйеге қосылып жатыр. Оның көмегімен шетелдік есепшоттар мен активтер туралы мәліметтер алу мүмкіндігіне ие боламыз. Енді жемқорлар ақшаны шетелде жасыра алмайды", — дейді агенттік басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров