Президент сынаған Атыраудағы зауыт 60 млн теңге айыппұл арқалады

Фархат ӘБІЛОВ

© АМӨЗ баспасөз қызметі

Атырау мұнай өңдеу зауыты құрамында қоршаған ортаға зиянды мұнай өнімдері бар суды ағызып жіберген, деп жазады ЭК.

— "АМӨЗ" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде құрамында улы заттары бар су анықталды. Атап айтқанда: жалпы темір және құрғақ қалдықтар бойынша 1,5 есе, сульфат бойынша 2,5 есе, азот амоний бойынша 5 есе, мұнай өнімдері бойынша 6 есе және өлшеулі заттар бойынша 628 есе асу фактісі анықталды,- деп хабарлады Атырау облыстық Экология департаменті.

Яғни, зауыт құрамында азот, сульфат секілді зиянды химиялық қоспа бар сарқынды суды ағызып жіберген. Осыған байланысты іс қозғалып, мұнай зауытына 60 млн теңге айыппұл салынды.

Естеріңізге салсақ, өткен айда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыруар қаржыға жаңғырту жұмыстарынан өтсе де, сұйытылған газды толық өндіре алмай отырғаны үшін осы Атырау мұнай өңдеу зауытын сынаған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров