17 жыл бұрын өз әпкесін өлтірген ер адам ұсталды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Павлодар облысында 17 жыл бұрын туған әпкесін өлтірген ер адам осы аптада ғана ұсталды, деп жазады ЭК.

Қылмыс 2004 жылы Павлодар облысы Железин ауданында болған. Отбасылық жанжал кезінде әпкесін өлтіріп алған ер адам өзінің қылмысы туралы ешкімге тіс жармаған. Оның қылмысы тек 17 жыл өткесін ғана әшкерленді.

"Арнайы сараптамаларды тағайындалып, оның кінәсі толық дәлелденді. Іс сотқа жіберіледі", — деді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров

Өткен жылы облыста бір адам өлтірілген. Ал 2016 жылы адам өлтіріп Ресейге қашып кеткен павлодарлық өткен айда елге экстрадацияланды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров