Қажылыққа бару үшін жалған вакцинация паспортын жасаған (видео)

Нұрболат АДЫРБЕК

ПД баспасөз қызметі

Алматыда Сауд Арабиясына қажылық сапар жасау үшін 140-тан астам вакцинация паспорты қолдан жасалған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ақпарат "polisia.kz" порталында жарияланды. Қаланың туристік агенттіктерінің бірі жаппай жалған құжат жасады деген күдікке ілінген. Олар, азаматтарды қажылық сапарға кедергісіз жіберу үшін жалған вакцинация паспортын жасап отырған. Компанияның кеңсесін тінту кезінде полицейлер кеңсе жабдықтарын, жалған мөртабандар мен бірнеше дана, ковидке қарсы вакцина алғанын растайтын жалған паспорттарды тәркілеген. Қазір айғақ заттарға сараптама жасалып жатыр.

Қолданыстағы заңға сәйкес, "Жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында, дәл осы компания бүгінге дейін жалпы саны 143 вакцина алғандығын растайтын жалған паспорт жасағаны белгілі болып отыр

Сондай-ақ, полицейлер вакцинация паспорттарын дайындау бойынша жалған 35 хабарландыруды анықтаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров