Енді прокуратураның ресми мәлімдемесінен кейін ғана айып тағылады

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмыс істеу тәсілін өзгертеді, деп хабарлайды ЭК.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, бұған дейін қылмыстың ақ-қарасы анықталмай тіркеле берген.

"Кез-келген іс қылмыс ретінде тіркеле берді. Адамдар қылмыстық жауапкершілікке жаппай тартылып, істер бірнеше ай бойы тергелді. Өкінішке орай, жыл сайын сыбайлас жемқорлық істерінің жалпы санының үштен бірі құрамында қылмыс болмауына байланысты тоқтатылады. 2015-2016 жылдағы істің жартысынан астамы қылмыстық әрекетке жатпаған", — деді басқарма басшысы.

Ол қылмыстық іс жүргізудің үш кезеңді моделі енгізіліп, жұмыс форматы өзгеретінін айтты. Енді сыбайлас жемқорлық фактісі прокуротураның ресми шешімімен анықталады. Яғни прокурормен келісілгеннен кейін күдіктінің іс-әрекеті әбден тексеріліп, қылмысы расталса ғана айыпталады.

Ахметжановтың айтуынша, бұл тәсіл жедел уәкіл мен тергеушінің тығыз әрі жауапкершілікпен жұмыстануын талап етеді. Өйткені бұлтартпас дәлелдерді жинау және оған нақты құқықтық баға беру маңызды. Бұл ретте жазаның еріксіздігі және кінәсіздік болжамдары сақталу керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров