Елімізде екі жоғары оқу орны лицензиядан айырылды

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Шымкент қаласындағы «Орда» және «Мирас» университеттері лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды ЭК.

ҚР Ғылым және білім министрлігінің мәліметінше, былтыр аталған екі университетке тексеру жүргізілген. Нәтижесінде оқу орындары білім беру заңнамасын өрескел бұзған.

Анықталған заң бұзушылықтарды жоюға уақыт берілген. Алайда оқу орындары кемшіліктерді түзетудің орнына, 8 ай бойы комитеттің лицензияны тоқтата тұру туралы шешіміне қарсы шағымданумен болған. Ал сот комитеттің шешімін өз күшінде қалдырды.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен, аталған екі жоғары оқу орнын бас лицензиясынан айырды. Бұл университеттер енді түлектерге диплом бере алмайды. Ал студенттер оқуды аяқтап, диплом алу үшін өзге университеттерге ауыса алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров