Тәліптер Қандағарға басып кірді

Нұрболат АДЫРБЕК

©Reuters/Parwiz

"Талибан" қозғалысының әскері Ауғанстанның Қандағар қаласына басып кірді, деп хабарлайды ЭК.

"РИА Новости" агенттігінің жазуынша, жергілікті әскер мен қозғалыс арасындағы қала үшін алғашқы ұрыс орталық түрме маңында өткен. Кейін орталық базар аумағында жалғасты. Қақтығыс салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты. Жарақат алғандар да бар. Бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Сонымен бірге, Ауған Ұлттық қауіпсіздік дирекциясының хабарлауынша, үкімет армиясының арнайы бөлімі түнде қаланың бірнеше жерінде тәліптерге қарсы операция жүргізіп, нәтижесінде тоғыз содыр өлтіріліп, тағы екеуі жараланған.

Сонымен бірге, қандағар губернаторы қаладағы жағдай бақылауда екенін, содырлар біртіндеп шегініп жатқанын айтты.

Бұған дейін қозғалыс өкілдері Ауғанстанның 400 ауданының 174-ін өз бақылауларына алғандықтарын мәлімдеген болатын.

"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров