Ұлытауда 39 қожалық жайылымды жерден айырылды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы сұрапыл өрттен қанша шығын келгені анықталды, деп хабарлайды ЭК.

Аптап ыстықтың кесірінен бой алдырмаған жалын, шаруаларға тиесілі бес мың гектар жерді күлге айналдырды. Ресми дерек бойынша, 39 қожалық жайылымды жерсіз қалып отыр.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров зардап шеккен жергілікті шаруалармен кездесіп, жәрдем беруге уәде етті. Айтуынша, шаруа қожалықтарына мемлекет меншігіндегі жерді бір жылға тегін пайдалануына рұқсат етілмек.

Бір күнде 318 бас ірі қарадан айырылған шаруаға жергілікті билік нарықтағы бағаға сәйкес өтемақы төленетінін айтты. Өрт салдарынан бір адам қаза тапқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров