Ақтөбеде алаяқ "тендерді ұтуға көмектесемін" деп 3 миллион теңге алған

Кәмшат ҚОПАЕВА

Әлеуметтік желіден

Ақтөбеде алаяқ тендерді ұтуға көмектесетінін айтып, алматылық тұрғынның 3 миллион теңгесін алып кеткен, деп хабарлайды ЭК.

Қаладағы №1 полиция бөліміне Алматы қаласының 64 жастағы тұрғыны шағым түсірді. Оның айтуынша, ақпан айында бейтаныс әйел тендер ұтуға көмектесетінін айтып, 3 миллион теңге алған.

Полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Нәтижесінде Хромтау ауданының 50 жастағы тұрығынын ұстады. Күдікті әйел бұл әрекетін мойындады. Қазір ҚР Қылмыстық кодесінің "Алаяқтық" бабы бойынша, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, әйел тағы екі тұрғынды алдап соққаны анықталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров