Маршал Жуковтың штабында аудармашы болған ардагер дүниеден өтті

Абылай МАУДАНОВ

Facebook/Жеңіс Қасымбек

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ЭК.

"Уақыт қатал. Ардагерлердің арамыздан кетіп жатқаны күйзелтеді.

Бүгін соғыс және еңбек ардагері Серафима Григорьевна Пономарева 94 жасында өмірден өтті.

Ол аты аңызға айналған Жеңіс маршалы Г.К.Жуковтың штабында әскери аудармашы ретінде қызмет атқарған. Жеңімпаз Армияның құрамында Берлинге дейін барған. Аудармашы маман ретінде Нюрнберг сот процесіне қатысқан.

Серафима Григорьевна ұзақ жылдар бойы Қарағанды қаласында еңбек етті. Көптеген мамандарды тәрбиелеп шығарды. Адал еңбегімен құрметке бөленді.

Оның есімі мен ерлігі қарағандылықтардың есінде сақталатын болады,"- делінген әкімнің жазбасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров